Менің ұстазым Баймұрат Анарбекұлының айтуымен Григорий Петровтың "Финляндия - ақ лалагүлдер мекені " атты кітабын оқып шықтым. Бұл небәрі 97 беттен тұратын кітап, маған үлкен ой сала білді. Менің кітап оқуға деген қызығушылығымды арттырды. Мен Фин халқының тарихымен таныстым.Олардың осындай жоғары дәрежеге жеткен әр сатысын оқи отырып қайран қалдым. Себебі бастапқы финдіктер, яғни надандыққа, білімсіздікке, қараңғылыққа толы ортаны, бір шам ғана жарыққа бөлей алды. Ол- СНЕЛМАН. Снелман ең терең ұйқыдағы өлі саналарды оята білді , және Фин халқы жұмыла кірісіп қолдарынан не келетінін дәлелдеді. Олар жоғары білім алудың арқасында жоғары белестерді бағындырды, себебі оларды алға жетелейтін, қанатандыратын көшбасшысы болды , ол әрине - Снелман. Қазіргі таңда Финляндия өркениеті мен мәдениеті жағынан алда. Бізге неге Снелман сияқты болмасқа..?¿? Елімізде еңбек етіп жатқан әрбір адам бір қазына, және сіз бен біз еліміздің игілігі үшін адал қызмет етейік. Біз сияқты тұлғаларымен ұлтымыз мақтанатындай іс-әрекет жасайық. 😊✊✊👍

Теги других блогов: Финляндия Снелман қазына