Сәлем жас химик!
Сен химия пәнін таңдаған боларсың.
Химия қиын, ашыйды миым деп мазаң қашып жүрген болар?
Онда мына 5 кеңес сен үшін:
1. Химиядан дайындықты бастамас бұрын, "МАМАНДЫҒЫҢДЫ" дұрыс таңдап ал. Неге мамандықтың дұрыс таңдау керек? Себебі сен ол мамандық пен өмір бойы жұмыс жасайсың. Сондықтан ойлан. ГРАНТ болса болды деп жүре берме. Егер сен повар болғың келе ме? - онда повар бол. Шаштаразшы болғың келе ме? - онда шаштаразшы бол. Құр босқа уақытыңды кетірме. Сен таңдап жатқан МАМАНДЫҒЫҢДЫ жан-тәніңмен жақсы көруің қажет. Ал жұрт таңдап жатыр деп сенде сол жұрт таңдаған мамандықты таңдасаң онда сенде проблема бар. Соны шешіп ал.
2. Мамандықты таңдап алған соң ғана дайындықты баста. Химияға байланысты "Кітаптарды" жинап ал. 8-9-10-11-сыныптың оқулықтарын. Және мына https://vk.com/market-146240320?w=product-146240320_3146176 кітапты қалайда алып, осы кітапты толық шығарып шық.
3. Әр тақырыпты оқып, КОНСПЕКТ жызап шық. Әр тақырыптың артындағы сұрақтарға міндетті түрде жазбаша жауап бер. Әр тақырыпқа кем дегенде 50 тапсырма орында. Осы кеңесті орындасаң, 1 айдың ішінде химиядан 10-20 балл қосатын боласың.
4. Уақытыңды тиімді пайдалан. Сенің алтындай уақытыңа басқа біреу кіріп кетпесін. Сондықтан 1 жыл уақытыңды тиімді пайдалансаң, ҰБТ-ден 120 балдан кем алмайтын боласың.
5. Егер тақырыпты дұрыс түсінбей жатсаң, ютубтан тегін сабақтарды көр.➡ ️https://youtu.be/qeaxIAZcTdg https://vk.com/wall-146240320_5903 Ол болмаса өз мектебіндегі ұстаздардан сұра. Олар білмей жатса, қосымша ақылы онлайн немесе офлайн сабақтарға қатыс. Тек білмегеніңді біліп алда, қалғанын өзің дайындал. Сенің қолыңнан бәрі келеді.
Өмірде ШЕКТЕУ ЖОҚ. ШЕКТЕУ тек біздің миымызда.
Құрметпен, " Ынтаң болса химия, қонады сенің миыңа" 😂 аты онлайн курстың авторы Баймұрат Анарбекұлы